1 сағат бұрын
«Елімайдың» шотландиялық бас бапкері Семей қаласына келді
Фото: fcorenburg.ru
«Елімай» футбол клубының бас бапкері Питер Левен Семей қаласына келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы күні маман қаланың тарихи көрікті жерлерін, стадионды, жаттығу базасын және «Елімай» футбол клубының кеңсесін аралады. Сондай-ақ клуб қызметкерлерімен танысып, команданың күнделікті тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты.
Бұдан бөлек, Питер Левен футболшылардың киім ауыстыратын бөлмесі мен жаттықтырушылар штабының жұмыс кабинеттерін көрді. Абай мұрасымен танысып, Семейдің қазақ футболының отаны ретіндегі тарихи маңызы туралы білді. Сапар аясында өлкетану музейіне де барды.
Семейдегі алғашқы күндерінен бастап бас бапкер қаланың тарихы мен мәдениетіне, сондай-ақ клубтың тыныс-тіршілігіне қызығушылық танытып, алдағы жұмысына қатысты жоспарларын қалыптастыруға кірісті.
Біздің серіктес: Sport12kz