56 минут бұрын

Жасұлан Барманқұлов «Ордабасыға» жаңа бапкер қашан тағайындалатынын айтты

Жасұлан Барманқұлов «Ордабасыға» жаңа бапкер қашан тағайындалатынын айтты

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

«Ордабасы» президенті Жасұлан Барманқұлов AmanVIBE арнасына берген сұхбатында клубтың жаңа бас бапкерді іздеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Оның сөзінше, шымкенттік клуб қазір еуропалық футбол философиясын ұстанатын, заманауи көзқарасы бар, еурокубоктарда тәжірибесі бар жас әрі білікті маманды қарастырып жатыр.

Барманқұлов жаңа бапкердің есімі қараша айы аяқталғанша жарияланатынына сенім білдірді.

«Алла қаласа, осы айдың соңына дейін жаңа бапкердің кім екенін білетін боламыз», - деді ол.

Жасұлан Барманқұлов автоматтандыру және басқару жүйелері саласы бойынша жоғары білім алған. 2012 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін «Автоматтандыру және басқару жүйелері» мамандығы бойынша тәмамдады. 2014 жылы Томск политехникалық университетінде «Машина жасау саласындағы автоматтандыру және басқару жүйелері» бағыты бойынша магистр дәрежесін алды.

2014-2020 жылдары «Altau Group» ЖШС-нің құрылтайшысы әрі директоры болды. 2020-2026 жылдары «Компания Ремпуть» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры қызметін атқарды. Кәсіпкерлік және басқарушылық салада мол тәжірибе жинақтаған.

Жасұлан Барманқұлов «Ордабасыға» жаңа бапкер қашан тағайындалатынын айтты




Біздің серіктес: Sport12kz