1 сағат бұрын

Роналдудың ізбасарына АПЛ-дің бес клубы қызығушылық танытты

Роналдудың ізбасарына АПЛ-дің бес клубы қызығушылық танытты

Португалия құрамасы мен бельгиялық «Брюгге» клубының 22 жастағы вингері Карлуш Форбш Англия Премьер-лигасының бес клубының назарына ілікті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ол Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кеткеннен кейін жетінші нөмірлі жейдені киген алғашқы футболшы атанған.

Ақпаратқа сәйкес, «Астон Вилла» португалиялық футболшыны ерекше бағалап отыр. Сондай-ақ оған «Ньюкасл», «Брайтон», «Эвертон» және «Брентфорд» клубтары қызығушылық танытуда. Форбштың ауысуы қысқы трансферлік кезеңде жүзеге асуы мүмкін.

Айта кетейік, футболшы бұған дейін Англияда «Вулверхэмптон» сапында жалға алу негізінде өнер көрсеткен.

Уэльске қарсы өткен кездесуде (3:2) Форбш Португалия құрамасының жетінші нөмірлі жейдесімен алаңға шығып, жеңіс голын соқты. Бұл оның ұлттық құрамадағы алғашқы голы болды.

Осы маусымда Бельгия чемпионатының алғашқы он матчында вингер «Брюгге» сапында үш гол соғып, бес нәтижелі пас берген.



Біздің серіктес: Sport12kz