1 сағат бұрын

Роналду Globe Soccer Awards жүлдесіне үміткерлер қатарына енді

Роналду Globe Soccer Awards жүлдесіне үміткерлер қатарына енді

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында өнер көрсететін Криштиану Роналду Globe Soccer Awards 2026 нұсқасы бойынша Таяу Шығыстың үздік футболшысы атағына үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ұйымдастырушылар марапатқа таласатын он футболшының есімін жариялады. Олардың қатарында Роналдудың командаластары Жоау Феликс пен Садио Мане де бар.

Сондай-ақ үміткерлер тізіміне «Әл-Хиләл» клубының ойыншылары Яссин Буну мен Рубен Невеш, «Әл-Ахли» өкілдері Эдуар Менди мен Айвен Тоуни, «Әл-Қадисия» футболшылары Мусаб Әл-Джувайр мен Хулиан Киньонес, сондай-ақ «Әл-Айн» клубынан Суфьян Рахими енді.

Криштиану Роналду бұл аталымда 2023 жылдан бері қатарынан жеңіске жетіп келеді. Енді португалиялық шабуылшы өз атағын тағы бір мәрте қорғауға мүмкіндік алды.

Globe Soccer Awards марапаттау рәсімі 28 желтоқсанда Дубайда өтеді. Жанкүйерлер арасындағы дауыс берудің алғашқы кезеңі 30 қарашаға дейін жалғасады.



Біздің серіктес: Sport12kz