3 сағат бұрын
Премьер-лигадағы клубтар санын 20-ға арттыру ұсынылды
Фото: «Зенит» футбол клубы
Ресей Премьер-лигасындағы клубтар санын 20-ға дейін арттыруды ұсынылды, деп хабарлайды Sport12.kz
Лиганы кеңейтуді жақтаушылар қатарында бұрын «Спартак» пен «Уфаның» бас директоры болған Шамиль Газизов бар. Бастамашыл топ РПЛ-ге реформаның негіздемесін жолдап, оның ресейлік футболға әсері туралы зерттеу жүргізді. Құжат авторлары Ресейде клубтар жетекші еуропалық чемпионаттарға қарағанда аз ойнайтынын атап өтеді. РПЛ клубы Ресей кубогын есепке алғанда бір маусымда ең көбі 42 матч өткізе алады. Германия мен Францияда командалар 57 ойыннан өткізеді, Нидерландта – 59, Португалия мен Испанияда – 62-ден, Италияда – 63, Англияда – 67, Бразилияда – 78.
Бразилия А сериясының футболшысы бес жылда 390 матчқа дейін ойнай алады, ал РПЛ ойыншысы – 210-нан аспайды. Сол 390 ойынға жету үшін ресейлік футболшыға екі есеге жуық көп уақыт – 9 жыл 4 ай қажет болады.
Соңғы 15 жылда Ресейде сыйымдылығы 20 мыңнан асатын 12 стадион салынды. Францияда мұндай ареналар бесеу, Германияда – төртеу, Англияда – үшеу, Испанияда – екеу пайда болды, ал Италияда, Нидерландта және Португалияда – бірде-біреуі жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz