2 сағат бұрын
Қазақстан қақпасына екі гол соққан молдовалық футболшы жаңа командаға ауысады
Фото: ҚФФ
Молдова құрамасының шабуылшысы Петру Попеску «Петрокубтан» румыниялық ФКСБ-ға ауысады, деп хабарлайды Sport12.kz
24 жастағы «Петрокуб» шабуылшысы Румынияға аттанды, онда елдің жетекші клубтарының бірімен келісімшартқа қол қоюы тиіс. Трансфер туралы ФКСБ иесі Джиджи Бекали жариялады. Ол румыниялық БАҚ-қа молдовалық форвард үшін 250 мың еуро төлейтінін айтты.
Попеску әсіресе Ұлттар лигасында Молдова құрамасының Қазақстанға қарсы жақында өткен матчында жарқырап көрінді. 13 қарашада шабуылшы дубль жасап, командаға 2:1 есебімен жеңіс сыйлады.
Біздің серіктес: Sport12kz