Матч орталығы
КХЛ Хоккей Авангард Авангард 3:1 Аяқталды Барыс Барыс КХЛ Хоккей Торпедо Торпедо 1:3 Аяқталды Локомотив Локомотив КХЛ Хоккей Шанхайские Драконы Шанхайские Драконы 0:5 Аяқталды ЦСКА ЦСКА Албания супер лигасы Футбол Эльбасани Эльбасани 1:0 Аяқталды Динамо Тирана Динамо Тирана Про-лига Футбол Аль-Ахли Аль-Ахли 3:1 Аяқталды Аль-Наср Аль-Наср ДЕЛ Хоккей Айсбарен Айсбарен 3:3 04:43 Ингольштадт Ингольштадт Ұлттық лига Хоккей Цуг Цуг 7:1 Аяқталды Серветт Серветт Ұлттық лига Хоккей Лугано Лугано 1:2 02:38 Ажуа Ажуа Ұлттық лига Хоккей Берн Берн 4:2 04:41 Клотен Клотен Бундеслига Футбол Бавария Бавария 1:1 55 Кельн Кельн Лига 1 Футбол Труа Труа 1:1 Үзіліс Гавр Гавр Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 0:0 45 Эспаньол Эспаньол Португалия кубогы Футбол Порту Порту 01:45 Бүгін Паредес Паредес Премьер-лига Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 17:30 Бүгін Фулхэм Фулхэм Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 17:30 Бүгін Кардифф Кардифф Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 17:30 Бүгін Дерби Дерби Суперлига Футбол Галатасарай Галатасарай 18:00 Бүгін Самсунспор Самсунспор Ла Лига Футбол Алавес Алавес 18:00 Бүгін Депортиво Депортиво Итоговый турнир мужчины Теннис Карлос Алькарас Карлос Алькарас 18:30 Бүгін Бен Шелтон Бен Шелтон КХЛ Хоккей Сочи Сочи 19:00 Бүгін СКА СКА

5 сағат бұрын

«Реал Мадрид» италиялық «Комодан» өз түлегін қайтарып алғысы келеді

«Реал Мадрид» италиялық «Комодан» өз түлегін қайтарып алғысы келеді

Фото: www.foxsports.com

Испанияның «Реал Мадрид» командасы италиялық «Комодан» жартылай қорғаушы Нико Пасты кері сатып алу опциясын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sport12.kz

COPE ақпараты бойынша, корольдік клуб өз түлегінің оралуы үшін алдағы жазда 80 млн еуро төлеуге дайын. Журналист Мельчор Руис клуб бұл мәмілені жақын арадағы трансферлік терезеде жүзеге асыруға берік ниетті екенін жеткізді.

Айта кетсек, өткен маусымаралық кезеңде «Комо» 22 жастағы жартылай қорғаушының құқығын «Реал Мадридтен» 60 млн еуроға өз қатарына қосты. Оған дейін италиялық клуб ойыншыны 6 млн еуроға жалға алған еді.

Биылғы маусымда Нико Пас А сериясы мен Чемпиондар лигасында 14 матч өткізіп, 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

Нико Пас 2004 жылы Испанияда дүниеге келген. Дегенмен ол қазір Аргентина құрамасы сапында өнер көрсетеді.

2016-2022 жылдары ол «Реал Мадрид» командасының жасөспірімдер және жастар командаларында жасыл алаңға шықты. Одан кейінгі екі жылда корольдік клубтың негізгі құрамында 4 кездесуге қатысты.

Ал «Комо» сапында жартылай қорғаушы 2024 жылдан бері 80 кездесуде 21 мәрте көзге түсіп үлгерді.

Еске салсақ, шымкенттік «Ордабасы» леверкузендік «Байер» мен Нигерия құрамасының шабуылшысы Виктор Бонифейсті командаға шақыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.




Біздің серіктес: Sport12kz