5 сағат бұрын
UEFA Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды
Фото: uefa.com
Бұл салтанатты шара бүгін Швейцарияның Ньон қаласында өткізілді, деп хабарлайды Sport12.kz
Алдымен А лигасындағы 1/4 финалда құрамалардың қарсыластары анықталды. Бұл кезеңде Испания мен Франция, Норвегия мен Англия, Нидерланд пен Португалия, Бельгия мен Германия, Босния және Герцеговина мен Дания щеберлік байқасады.
Ал А және В лигасындағы плей-офф кезеңінде Венгрия мен Сербия, Ирландия мен Хорватия, Словения мен Уэльс жасыл алаңға шығады. Жеңімпаз құрама алдағы уақытта А лигасында сынға түсуге мүмкіндік алса, жеңілгені В лигасында ойнайды.
В лигасында өз тобында бірінші орын алған Швейцария, Солтүстік Ирландия, Аустрия және Швеция құрамалары А лигасына тікелей жолдама алды.
Сондай-ақ В және С лигалары плей-офф кезеңінде Кипр мен Солтүстік Македония, Эстония мен Румыния, Фарер аралдары мен Грузия, Беларусь пен Израиль кездеседі.
Ал С лигасында әр топта үздік атанған Албания, Черногория, Словакия, Исландия құрамалары енді В лигасында ойнайтын болды.
Айта кетсек, отандастарымыз Ұлттар лигасында Фарер аралдарымен (1:1, 2:2) екі мәрте тең түссе, Молдоваға (1:2, 1:2) екі мәрте жеңіліп қалды.
Ал Словакияға сырт алаңда 1:2 есебімен есе жіберіп, елордада 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Ұлттар лигасы 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Португалия, Франция, Испания құрамалары чемпион атанды.
Еске салсақ, «Реал Мадрид» италиялық «Комодан» өз түлегін қайтарып алғысы келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz