8 сағат бұрын
Гарри Кейн жарақат салдарынан қанша ай ойнай алмайды?
Фото: www.independent.co.uk
«Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн Бундеслиганың 10-турында «Кёльнмен» (1:1) өткен матчта жарақат алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оған дәрігерлер сол жақ тобық буынының синдесмоздық байламының үзілуі деген диагноз қойды. Сондықтан ол үш айға қатардан шығып қалуы мүмкін.
Бұл туралы журналист Флориан Плеттенберг өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті.
«Кёльнмен» ойынның 20-минутында 33 жастағы форвард алмастырылды. Биылғы маусымда Кейн барлық турнирлерде 16 матчқа қатысып, 10 гол және 10 нәтижелі пас берді.
Ойыншының клубпен қолданыстағы еңбек келісімі 2029 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтық құны 60 млн еуроны құрайды.
Еске салсақ, Харри Кейн еуропадағы ең жоғары жалақы алатын футболшы атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz