1 сағат бұрын
Харри Кейн еуропадағы ең жоғары жалақы алатын футболшы атанды
«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн клубпен келісімшартын 2029 жылға дейін ұзартты. Жаңа келісім бойынша ағылшын футболшысы Еуропада ең көп жалақы алатын ойыншыға айналды. Бұл туралы The Athletic басылымы жазды.
Басылымның хабарлауынша, Кейннің жаңа келісімшарты «Бавария» тарихындағы ең жоғары жалақы қарастырылған келісім болды.
33 жастағы шабуылшы Мюнхен клубына 2023 жылы «Тоттенхэмнен» ауысты. Содан бері ол «Бавария» сапында 161 матч өткізіп, 156 гол соқты.
Осы уақыт ішінде Кейн Бундеслиганы екі рет, Германия кубогын бір рет және ел Суперкубогын екі мәрте жеңіп алды.
Айта кетейік, 26 қазанда Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын доп» иегері атанды. Осылайша, ол 2001 жылы Майкл Оуэннен кейін аталған марапатты алған алғашқы ағылшын футболшысы болды.
Біздің серіктес: Sport12kz