8 сағат бұрын
Жасұлан Барманқұлов «Ордабасыдан» Андрей Мартиннің неге кеткенін түсіндірді
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
«Ордабасы» командасының президенті Жасұлан Барманқұлов бас бапкер Андрей Мартиннің неге қызметтен кеткенін айтып берді, хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ол спорт журналисі Эльдар Аманбаевқа берген сұхбатында тілге тиек етті.
- Андрей Мартин - өте тәжірибелі бапкер. Командаға чемпиондық пен кубокты алып берді. Бұл үшін алғысымыз шексіз. Ол кісіні сыйлаймыз, құрметтейміз. Адамда ішкі түйсік болады. Соған сүйене отырып Андрей Мартинмен келісімшартты ұзартпауға шешім қабылдадық, - деді Жасұлан Барманқұлов.
Сондай-ақ президент бас бапкердің кетуіне не себеп болғанын атап өтті.
- Ол кісі біздің ағамыздай болып кетті. Сондықтан Андрей Мартиннің кейбір кемшілігін байқамауымыз ммүкін еді. Сондықтан сыйластығымыз кәсіби ісімізге әсерін тигізбес үшін осындай қадамға бардық, - деді ол.
Андрей Михайлович 2024 жылдың желтоқсанында «Ордабасының» негізгі командасын тізгіндеп, алғашқы маусымында-ақ команданы Қазақстан кубогының финалына алып шықты.
2026 жыл шымкенттік клуб үшін тарихи маусым болды. Андрей Мартиннің жетекшілігімен «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын да жеңіп алды. Осылайша клуб өз тарихында алғаш рет алтын дубль жасады.
Біздің серіктес: Sport12kz