5 сағат бұрын
Асхат Тағыбергеннің 2027 жылы қай командада ойнайтыны белгілі болды
Фото: «Тобыл» футбол клубы
«Тобыл» футбол клубы тәжірибелі жартылай қорғаушы әрі команда капитаны Асхат Тағыбергенмен келісім-шартты ұзартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өткен маусымда Асхат команданың ең пайдалы ойыншыларының бірі атанып, клубтың жеңістеріне зор үлес қосты. Оның еншісінде – 29 матч, 3 гол және 7 нәтижелі пас. Сонымен қатар, биыл жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер-Лигасындағы 400-ші матчін өткізіп, айтулы белесті бағындырды.
«Тобыл» клубының президенті Айдос Дүйсенбиев Асхаттың командадағы беделін атап өтті:
- Мұндай футболшылар командаға қажет. Асхаттың тәжірибесі мол, көшбасшылық қасиеттері бар және клубтың талаптарын жақсы біледі. Оның тәжірибесі мен кәсібилігі жаңа маусымда команданың жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне көмектеседі деп сенеміз, - деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жаслан Жұмашев Қостанайдың «Тобыл» клубында өнер көрсетуін жалғастырады.
Біздің серіктес: Sport12kz