7 сағат бұрын
Талғат Байсуфинов «Тұран» клубын жаттықтыруы мүмкін
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов Түркістанның «Тұран» клубын тізгінін қолына алуы мүмкін.
«Тотальный футбол» Telegram-арнасының мәліметінше, тараптар келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірге келісімшартқа қол қойылған жоқ.
Сонымен қатар клуб басшылығы алдағы маусымға құрамды күшейтуді көздеп, Қазақстан құрамасының бірнеше футболшысымен келіссөз жүргізуде. Олардың есімдері әзірге жарияланған жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz