4 сағат бұрын
Бруну Фернандеш «Манчестер Юнайтедпен» қоштасуға дайын
«Манчестер Юнайтед» капитаны Бруну Фернандеш клуб басшылығы оны команданың жетістігіне үлес қоса алатын ойыншы деп санамаса, кетуге дайын екенін мәлімдеді.
«Егер клуб менің „Юнайтедті“ лайықты деңгейіне қайтаруға көмектесе алмайтынымды сезсе, мен кетуге дайынмын. Өйткені өзім де жүлде жеңіп алғым келеді», – деді португалиялық жартылай қорғаушы Sky Sports-қа берген сұхбатында.
32 жастағы футболшы Премьер-лига мен Чемпиондар лигасын жеңіп алуды әлі де мақсат тұтатынын атап өтті.
Айта кетейік, «Манчестер Юнайтед» Англия чемпионатындағы соңғы титулын 2012/13 жылғы маусымда жеңіп алған. Биылғы біріншіліктің алғашқы он турында сегіз ұпай жинаған команда турнир кестесінде 19-орында тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz