Матч орталығы
НХЛ Хоккей Даллас Даллас 1:0 Аяқталды Питтсбург Питтсбург НХЛ Хоккей Сент Луис Сент Луис 5:4 Пенальтиден соң Эдмонтон Эдмонтон НБА Баскетбол Нью-Йорк Нью-Йорк 113:106 Аяқталды Индиана Индиана НБА Баскетбол Голден Стэйт Голден Стэйт 88:87 Аяқталды Бостон Бостон ВХЛ Хоккей Горняк-УГМК Горняк-УГМК 18:30 Бүгін Кристалл Кристалл АФК Чемпиондар лигасы Футбол Нефтчи Нефтчи 18:45 Бүгін Аль Хиляль Аль Хиляль ВХЛ Хоккей Молот Молот 19:00 Бүгін Оңтүстік Урал Оңтүстік Урал УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Пяст Гливице Пяст Гливице 23:00 Бүгін Кайрат Алматы Кайрат Алматы А сериясы Футбол Монца Монца 00:45 Ертең Фиорентина Фиорентина Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 01:00 Ертең Эвертон Эвертон Ла Лига Футбол Леванте Леванте 01:00 Ертең Эльче Эльче Буэнос-Айрес женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 19:00 Ертең Вероника Эрьявец Вероника Эрьявец Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Ертең Париж Париж Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 22:45 Ертең ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Ертең Астон Вилла Астон Вилла АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:15 Ертең Аль-Садд Аль-Садд Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 00:45 25.11 Престон Престон Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 00:45 25.11 Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 00:45 25.11 Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 00:45 25.11 Линкольн Линкольн

4 сағат бұрын

«Реал Мадрид» президенті Қайрат Боранбаевты арнайы қонаққа шақырды

«Реал Мадрид» президенті Қайрат Боранбаевты арнайы қонаққа шақырды

«Реал Мадрид» клубының президенті Флорентино Перес «Қайрат» футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаевты Мадридке арнайы қонақ ретінде шақырды. Бұл туралы Боранбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, былтыр «Реал Мадрид» Алматыға толық құраммен келген кезде Флорентино Перес сапарға қатыса алмаған. Осы жолы испаниялық клуб президенті Боранбаевты қонаққа шақырған.

Қайрат Боранбаев Мадридке жұмыс бабымен барған. Ол УЕФА-ның әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық комитетінде екінші вице-төраға қызметін атқарады.

Сапар барысында Боранбаев «Реал Мадрид» пен «Сельта» арасындағы матчты стадионнан тамашалап, Флорентино Переспен футбол туралы әңгімелескен. Кездесу кезінде испаниялық клуб басшысы оған арқасында «KAIRAT 1» деген жазуы бар футболка сыйлаған.

«Мұнда кім бірінші нөмір екенін білмеймін: мен бе, әлде «Қайрат» футбол клубы ма? Менің ойымша, екінші нұсқа. Бірақ футболканы өзіме қалдырамын», – деп жазды Боранбаев.

Сондай-ақ ол «Қайраттың» бір жылдың ішінде Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнаудан бастап, әлемдегі ең беделді клубтардың бірінің президентінен жылы лебіз естуге дейін жеткенін атап өтті. Боранбаев бұл жетістікті футбол академиясы мен клубта қалыптасып жатқан жүйенің нәтижесі деп бағалап, жұмыстың енді басталғанын жеткізді.



Біздің серіктес: Sport12kz