2 сағат бұрын
«ПСЖ» негізгі қақпашысына жаңа келісімшарт ұсынбақ
Франциялық «ПСЖ» ресейлік қақпашы Матвей Сафоновпен келісімшартты ұзартуға жақын. Клуб соңғы айларда көрсеткен ойыны үшін 27 жастағы голкиперді марапаттап, жалақысын көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Париж клубы Сафоновтың, соның ішінде Чемпиондар лигасында қатарынан екінші рет жеңіске жетуге қосқан үлесін жоғары бағалаған.
Қазіргі таңда қақпашының жалақысы командадағы ең төмен көрсеткіштердің бірі саналады. Оның қолданыстағы келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды.
Сафонов «ПСЖ»-ның негізгі қақпашысына айналды. Ол осы маусымда команданың барлық 17 кездесуіне қатысып, 19 гол жіберіп алған. Сондай-ақ төрт матчта қақпасын голдан аман сақтады.
Ресейлік футболшы 2024 жылдың жазында «Краснодардан» Париж клубына ауысқан. Содан бері «ПСЖ» сапында 61 матч өткізді. Өткен маусымда ол негізгі құрамдағы орын үшін Люка Шевальемен бәсекеде жеңіске жетіп, француз қақпашысын қосалқы құрамға ығыстырды.
Біздің серіктес: Sport12kz