2 сағат бұрын
Алматыда жаңа футбол клубы құрылмақ
Қазақстан футболында тағы бір кәсіби клуб құрылмақ. Алматы қаласында ФК «Алматы» атауымен жаңа команда жасақталып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz AmanVIBE-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, жаңа клуб өкілдері команданы Екінші лигаға қосу мақсатында Қазақстан футбол федерациясына өтініш білдірген.
Команда құрамын негізінен Бірінші лигада өнер көрсеткен тәжірибелі футболшылар мен QJ League жүйесіндегі болашағынан үміт күттіретін жас ойыншылардан жасақтау жоспарланып отыр.
Клуб басшылығы алғашқы маусымнан-ақ жоғары нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Команданың алдына Екінші лигада табысты өнер көрсетіп, Бірінші лигаға жолдама алу міндеті қойылмақ.
Жаңа клуб толығымен жеке жоба ретінде жұмыс істейді. Оның қызметіне мемлекеттік қаржы тартылмайды.
Біздің серіктес: Sport12kz