21 минут бұрын
Алматыда жеке меншік футбол клубы ашылмақ
Алматыда «Алматы» ФК атты жаңа кәсіби клуб құрылып жатыр. Жоба өкілдері команданы Екінші лигаға қосу үшін Қазақстан футбол федерациясына өтініш берген.
Клуб құрамын Бірінші лигада тәжірибесі бар футболшылар мен QJ League жас таланттарынан жасақтау жоспарланған. Команданың басты мақсаты – Екінші лигада жоғары нәтиже көрсетіп, бірден Бірінші лигаға жолдама алу.
«Алматы» ФК жеке меншік клуб ретінде жұмыс істеп, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды. Әзірге ойыншылар құрамы мен бапкерлер штабы, сондай-ақ дебюттік маусымының мерзімі жарияланған жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz