3 сағат бұрын
CAS Африка ұлттар кубогының жеңімпазын сейсенбі, 24 қарашада жариялайды
Фото. Championat.com
Спорттық арбитраждық сот (CAS) сейсенбі, 24 қарашада Африка ұлттар кубогының жеңімпазын жариялайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы Sky Sports басылымы X әлеуметтік желісінде хабарлады.
Титул үшін өткен матч биылғы жылдың 18 қаңтарында өтті. Онда Сенегал мен Марокко құрамалары кездесті.
Финалдың 99-минутында төреші Жан-Жак Нгамбо Ндала Марокконың пайдасына пенальти белгіледі. Наразылық белгісі ретінде Сенегал құрамасының футболшылары алаңнан кетіп қалды. Үзіліс 15 минуттан астам уақытқа созылды. Кейін сенегалдықтардың капитаны Садио Мане серіктестерін алаңға оралуға көндірді.
Марокконың вингері Браим Диас 90+23-минутта пенальтиді жүзеге асыра алмады, «паненкамен» тепкен добын қақпашы Эдуар Менди ұстап алды. Ойындағы жалғыз голды қосымша уақытта сенегалдықтардың жартылай қорғаушысы Пап Гейе соқты.
Наурызда КАФ Апелляциялық комитеті Сенегалға техникалық жеңіліс (0:3) беріп, титулды Мароккоға табыстады.
Біздің серіктес: Sport12kz