2 сағат бұрын
2031 және 2035 жылдары футболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты қайда өтеді?
Фото. Championat.com
ФИФА-ның кезектен тыс онлайн-конгресінде 2031 және 2035 жылдардағы әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарының иелері бекітілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
2031 жылы турнир матчтарын АҚШ, Мексика, Коста-Рика және Ямайка секілді бірден төрт мемлекет қабылдайды.
Ал 2035 жылғы чемпионаттың иелері Шотландия, Англия, Солтүстік Ирландия және Уэльс болды.
Бұл турнирлердің әрқайсысын өткізу құқығына тек бір өтінім ғана берілген.
Келесі әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Бразилияда өтеді. Дүбірлі дода 2027 жылдың 24 маусымы мен 25 шілдесі аралығында болады.
2031 және 2035 жылдардағы турнирлердің маңызды айырмашылығы — кеңейтілген форматта болады. Оған алғаш рет 48 құрама қатысады. Ал 2027 жылы алаңға 32 команда шығады.
Біздің серіктес: Sport12kz