5 сағат бұрын
«ПСЖ» «Шахтердің» бразилиялық ойыншысын сатып алуы мүмкін
Франциялық «ПСЖ» Донецктің «Шахтер» клубында өнер көрсететін 21 жастағы бразилиялық вингер Алиссон Сантананы қысқы трансферлік кезеңде сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Париждік клуб басшылығы Хвича Кварацхелия мен Дезире Дуэнің жарақатына байланысты шабуыл шебін күшейтуді көздейді. Инсайдер Экрем Конурдың мәліметінше, «ПСЖ» скауттары соңғы апталарда бірнеше бразилиялық футболшы туралы ақпарат жинаған.
Кандидаттар қатарында «Челси» ойыншысы Эстевао Виллиан мен «Борнмут» сапындағы Райан да болған. Алайда олардың маусым ортасында команда ауыстыруы екіталай. Осыған байланысты Алиссон Сантана француз клубы үшін қолжетімді нұсқалардың біріне айналып отыр.
Сантана 2025 жылы бразилиялық «Атлетико Минейродан» «Шахтерге» ауысқан. Осы маусымда 21 жастағы вингер барлық турнирде 16 матч өткізіп, алты гол соғып, бес нәтижелі пас берген. Қараша айында ол Бразилия ұлттық құрамасында дебют жасады. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 13 миллион еуроға бағалап отыр.
Айта кетейік, «ПСЖ» шабуылшылары Хвича Кварацхелия мен Дезире Дуэ жарақатына байланысты ұзақ уақытқа қатардан шықты. Грузиялық футболшы 20 қазанда Чемпиондар лигасы аясында «Барселонаға» қарсы өткен матчта (4:2) оң тізесінің алдыңғы айқас байламына зақым келтіріп, Қатарда ота жасатқан.
Ал Дезире Дуэ 21 қарашада Франция чемпионатындағы «Ниццаға» қарсы ойында (3:2) дәл осындай жарақат алды.
Біздің серіктес: Sport12kz