5 сағат бұрын
«Қайрат» швециялық «Мьельбюге» қарсы ойнайды
26 қараша, бейсенбі күні Алматыда УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші тур аясында «Қайрат» швециялық «Мьельбю» клубын қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясы да осы уақытта көрсетіледі.
Үш турдан кейін «Мьельбю» жеті ұпай жинаса, «Қайраттың» еншісінде екі ұпай бар.
Өткен турда швециялық клуб өз алаңында босниялық «Борацты» 2:0 есебімен жеңді. Ал алматылық команда сырт алаңда италиялық «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті.
«Мьельбюмен» кездесуден кейін «Қайрат» Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде румыниялық «Университатя» (Крайова) және нидерландтық «Твентемен» ойнайды.
Ал швециялық клубты кипрлік «Пафос» пен италиялық «Аталантаға» қарсы матчтар күтіп тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz