3 сағат бұрын
«Бавария» Джамал Мусиаланың денсаулығына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Мюнхендік «Бавария» клубы жартылай қорғаушы Джамал Мусиаланың денсаулығына байланысты тараған ақпараттарға түсініктеме берді.
25 қарашада клубтың ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, бір күн бұрын команда басшылығы мен футболшының өкілдері кездесіп, келіссөз жүргізген. Тараптар ойыншының денсаулығы басты назарда екенін атап өтті.
«Джамалдың қалпына келу жолында клуб оған толық қолдау көрсетеді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ «Бавария» мен футболшының мүддесін қорғайтын 11WINS агенттігі Мусиаланың денсаулығына қатысты маңызды жайтты нақтылады. Олардың мәліметінше, футболшы алғаш рет 2025 жылғы 22 сәуірде неврологиялық белгілер байқалғаннан кейін медициналық тексеруден өткен. Бұл тексеру клубтың медициналық бөлімінің келісімімен жүргізілген.
Тараптар алдағы уақытта да мәселені өзара сенім мен құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып талқылауға уағдаласты.
Айта кетейік, қараша айында Мусиаланың жаттығу кезінде тағы бір рет есінен танғаны туралы ақпарат тарады. AFP дерегіне сүйенген БАҚ мәліметінше, оқиға 16 қарашада болған. Бұл футболшының 2026 жылғы тамызда өзіне қойылған неврологиялық диагноз туралы мәлімдегеннен кейінгі екінші осындай жағдайы.
Біздің серіктес: Sport12kz