2 сағат бұрын
Қазақстандық төрешілерге УЕФА турнирінде жауапты міндет жүктелді
Қазақстандық төрешілер тобы УЕФА Конференция лигасы аясындағы кездесуде қызмет атқарады. Отандық мамандар Литваның «Кауно Жальгирис» пен Латвияның «Рига» клубтары арасындағы матчты басқарады.
Кездесу 26 қарашада Литваның Каунас қаласында өтеді. Ойын жергілікті уақыт бойынша 19:45-те, Астана уақытымен 22:45-те басталады.
Матчтың бас төрешісі міндеті Данияр Сахиге жүктелді. Оған қапталда Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Георгий Чеховский атқарады.
Бейнеқайталауға жауапты төрешілер қатарында Айдын Тасыбаев (VAR) пен хорватиялық Марио Зебец (AVAR) бар.
Біздің серіктес: Sport12kz