50 минут бұрын
Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы шартты түрде бір жылға сотталды
Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Рахим Стерлинг жол ережесін бұзғаны және азот тотығы бар баллондарды заңсыз сақтағаны үшін сот шешімімен шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Sky Sports мәліметінше, сот футболшыға 100 сағат қоғамдық жұмыс атқару жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол екі жыл бойы көлік жүргізе алмайды. Стерлингке 18 ай сынақ мерзімі белгіленді.
Бұл іске 2026 жылдың мамырында болған жол апаты себеп болды. Футболшы Lamborghini көлігін басқарып келе жатып, жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көліктен ішке тартуға арналған азот тотығы бар алты баллон тапқан.
Сондай-ақ Стерлинг полицияның талабына қарамастан, медициналық сараптама үшін қажетті сынаманы тапсырудан бас тартқан.
Айта кетейік, Рахим Стерлинг қазір еркін агент саналады. Ол соңғы рет Нидерландтың «Фейеноорд» клубында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: Sport12kz