15 сағат бұрын
Бүгін «Қайрат» швециялық «Мьельбюге» қарсы алаңға шығады
Бүгін, 26 қарашада Алматының «Қайрат» командасы Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда өз алаңында швециялық «Мьельбю» клубын қабылдайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Қайрат» – «Мьельбю» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады.
Үш турдан кейін «Қайраттың» еншісінде екі ұпай бар. Ал швециялық клуб жеті ұпай жинаған. Өткен турда алматылық команда сырт алаңда италиялық «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті. Ал «Мьельбю» өз алаңында босниялық «Борацты» 2:0 есебімен жеңді.
«Мьельбюмен» кездесуден кейін «Қайрат» жалпы кезең аясында тағы екі матч өткізеді. Алматылық клуб румыниялық «Университатя» (Крайова) және нидерландтық «Твентемен» ойнайды. Швециялық команда кипрлік «Пафос» пен италиялық «Аталантамен» кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz