5 сағат бұрын
Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебектің командасы Ресей кубогынан шығып қалды
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов өнер көрсететін «Ахмат» Ресей кубогының топтық кезеңіндегі соңғы турда «Краснодардан» жеңілді.
Грозныйдағы «Ахмат-Арена» стадионында өткен кездесу қонақтардың 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Матчтағы есепті 10-минутта Дмитрий Воробьёв ашты. Кездесудің 81-минутында Кристиан есеп айырмасын ұлғайтса, 87-минутта Джон Кордоба қорытынды нәтижені белгіледі.
Максим Самородов ойынды қосалқы құрамда бастады. Қазақстандық футболшы 46-минутта Мохамед Конатенің орнына алаңға шығып, 84-минутта сары қағаз алды.
Осы жеңістен кейін «Краснодар» 13 ұпаймен В тобында бірінші орынға көтерілді. Мәскеудің «Динамосы» тоғыз ұпаймен екінші, ал «Факел» алты ұпаймен үшінші сатыға жайғасты.
Станислав Черчесов жаттықтыратын «Ахмат» бес ұпаймен топтың соңғы орнында қалды. Осылайша, грозныйлық клуб плей-офф кезеңіне өте алмай, Ресей кубогындағы жарысын аяқтады.
Айта кетейік, «Ахмат» сапындағы тағы бір қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебек бұл кездесудің қосалқы құрамына да енген жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz