4 сағат бұрын
Нұрлан Қоянбаев «Тұран» футбол клубының иесі атануы мүмкін
Қазақстандық актер әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев Түркістанның «Тұран» футбол клубының тең иесі және амбассадоры болуы ықтимал.
«Серый кардинал» Telegram-арнасының мәліметінше, ол клубтың белгілі бір үлесін иеленіп, ортақ иелерінің қатарына қосылуы мүмкін.
Бұл ретте «Тұран» шымкенттік «Ордабасы» клубының даму моделін қолдануды көздеп отыр. Еске салайық, «Ордабасының» тең иелерінің бірі – кәсіпкер әрі блогер Бейбіт Әлібеков.
Әзірге тараптар бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz