4 сағат бұрын
«Жеңіс» қазақстандық футболшымен келісімшартты ұзартты
Фото: «Жеңіс» футбол клубы
«Жеңіс» футбол клубы Мәди Хасейнмен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жаңа келісім 2027 жылғы маусымның соңына дейін есептелген.
Мәди 2025 жылғы маусымнан бері біздің команда сапында өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда Премьер-лига мен Қазақстан Кубогы аясында 24 ойын өткізіп, 2 гол соқты.
Еске салсақ, қазақстандық төрешілер футболдан Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде қызмет атқарады.
Біздің серіктес: Sport12kz