Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 1:0 Аяқталды Мьельбю Мьельбю КХЛ Хоккей Спартак Спартак 1:5 Аяқталды ЦСКА ЦСКА Еуропа лигасы Футбол Виктория Виктория 4:0 88 Бенфика Бенфика Конференциялар лигасы Футбол Хартс Хартс 2:2 83 Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Иберия Иберия 1:0 88 Хетафе Хетафе Конференциялар лигасы Футбол Пафос Пафос 0:2 90 Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Яблонец Яблонец 2:0 87 Лугано Лугано Конференциялар лигасы Футбол Брайтон Брайтон 4:0 85 Крайова Крайова Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 2:1 89 Линкольн Ред Импс Линкольн Ред Импс Конференциялар лигасы Футбол Аякс Аякс 3:0 86 Тун Тун Конференциялар лигасы Футбол Кауно Кауно 2:0 77 Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол Бранн Бранн 1:4 89 Орхус Орхус Еуропа лигасы Футбол Марсель Марсель 1:0 87 Левски Левски Еуропа лигасы Футбол Юнион Юнион 2:2 86 Лех Лех Еуропа лигасы Футбол Сельта Сельта 1:2 87 Борнмут Борнмут Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 0:0 53 Хапоэль Хапоэль Еуропа лигасы Футбол Динамо Динамо 0:2 88 Байер Байер Еуропа лигасы Футбол Зальцбург Зальцбург 2:0 89 Арарат Арарат Еуропа лигасы Футбол Олимпиакос Олимпиакос 2:3 88 Милан Милан Әлем чемпионаты, іріктеу, Еуропа Баскетбол Черногория Черногория 58:80 04:50 Испания Испания

2 сағат бұрын

 «Қайрат» еурокубок ойындарының негізгі кезеңінде алғаш рет жеңіске жетті

 «Қайрат» еурокубок ойындарының негізгі кезеңінде алғаш рет жеңіске жетті

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Футболдан UEFA Конференция лигасы негізгі кезеңі төртінші турындағы «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - «Мьелбью» (Швеция) кездесуінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында қазақстандық команда алғашқы минуттан тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Қарсылас команда қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Осындай сәттің бірінде жартылай қорғаушы Еркін Тапалов өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Ол әріптесі Марк Гуальдың берген пасын 15-минутта қақпа торында тулатты.

Екінші кезеңде алматылық клуб негізінен қорғанысқа көбірек көңіл бөлді. Десе де швециялық команда шабуылдан нәтиже шығара алған жоқ. Кейбір сәтте қазақстандық Темірлан Анарбековтің әбжіл қимылымен қақпаға дарыған жоқ.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 5 ұпаймен он бесінші орынға көтерілді.

Айта кетсек, алматылық ұжым еурокубок ойындарының негізгі кезеңінде алғаш рет жеңіске жетіп отыр. Олар былтыр Чемпиондар лигасы және биыл Конференция лигасында үш ұпайға қол жеткізе алмай келді.

«Қайрат» бұған дейін бұл турнирде латвиялық «Рига» және италиялық «Аталантамен» (1:1) тең ойнаса, грекиялық «Панатинаикостан» (1:5) ойсырай жеңілді.

Енді олар алдағы ойындарда 10 желтоқсанда Румынияның «Университатя Крайова» клубын қабылдаса, 17 желтоқсанда сырт алаңда Нидерландтың «Твенте» клубымен ойнайды. Ал, «Мьельбю» Андорраның «Интер Эскальдес» және Босния және Герцоговинаның «Борац» командасын (2:0) жеңсе, Грузияның «Иберия-1999» клубымен (1:1) тең нәтижеге қанағат білдірді.

Тоқсан жылға жуық тарихы тасқа басылған «Мьельбю» 2018 жылға дейін негізінен өз елінің төменгі дивизионында ойын көрсетіп келді. 2025 жылдың 20 қазанында команда айды аспанға шығарып, ел чемпионы атағына бірнеше тур бұрын қол созды. Оған дейін Швеция кубогында 2022/2023 жылғы маусымда финалға дейін жеткен еді. 2026 жылы команда кубокты да төбесіне көтерді.


Біздің серіктес: Sport12kz