2 сағат бұрын
«Виктория» Еуропа лигасының көшбасшысын ірі есеппен ұтты
Португалиялық «Бенфика» Еуропа лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда Чехияның «Виктория» клубынан ірі есеппен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Пльзень қаласында (Чехия) өткен кездесу 0:4 есебімен аяқталды. Португалиялық команда 16 минуттың ішінде төрт гол жіберіп алды. «Виктория» сапынан Патрик Грошовский (30-минут), Принс Аду (43-минут) және Кристоф Кабонго (44, 46-минуттар) көзге түсті.
Бұл матчқа дейін «Бенфика» жалпы кезеңнің көшбасшысы болған еді. Алайда жеңілістен кейін 12 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орынға сырғыды. Ал «Виктория» жеңістің арқасында алты ұпай жинап, 19-орынға көтерілді.
Біздің серіктес: Sport12kz