10 сағат бұрын
«Елімай» 2027 жылғы маусымға дайындық жоспарын анықтады
Алдағы маусымға дайындық аясында «Елімай» футбол клубының негізгі командасы үш оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Желтоқсан - Алматы, Қазақстан.
Қаңтар - Белек, Түркия.
Ақпан - Белек, Түркия.
Желтоқсан айындағы оқу-жаттығу жиынына негізгі команда ойыншыларымен қатар, «Елімай» футбол орталығының болашағынан үміт күттіретін тәрбиеленушілері де қатысып, өздерін көрсетуге мүмкіндік алады.
Бақылау матчтарының кестесі кейінірек клубтың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
Біздің серіктес: Sport12kz