11 сағат бұрын
Бруну Фернандеш «Манчестер Юнайтедте» қай уақытқа дейін ойнайды?
Фото: ru.uefa.com
«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушы және капитан Бруну Фернандешпен келісімшартты 2028 жылға дейін ұзартатын болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
.Бұл туралы The Athletic журналисі Дэвид Орнштейн мәлім етті.
Дереккөздің ақпараты бойынша, 32 жастағы хавбек 2027 жылдың жазында «қызыл сойқандар» сапынан әлі де кетуі мүмкін, алайда енді оған үміткер клубтарға ақы төлеуге тура келеді.
Фернандеш «Манчестер Юнайтед» сапында 2020 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда португалиялық футболшы барлық турнирде 16 матчқа қатысып, сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Айта кетсек, испаниялық «Реал Мадрид» ресми сайтында Марокко құрамасының жартылай қорғаушысы Браим Диаспен келісімшартты ұзартқанын жариялады.
Біздің серіктес: Sport12kz