2 сағат бұрын
«Балтика» – «Ахмат»: Самородов пен Кенжебек алаңға шығуы мүмкін
28 қараша, сенбі күні Калининградта Ресей Премьер-лигасының 16-туры аясында «Балтика» мен грозныйлық «Ахмат» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Балтика» – «Ахмат» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Ресей чемпионатында 15 ойын өткізген «Балтика» 20 ұпай жинаса, «Ахматтың» еншісінде 17 ұпай бар.
Өткен турда «Балтика» сырт алаңда «Оренбургті» 2:0 есебімен жеңсе, «Ахмат» Мәскеуде ЦСКА-дан 2:1 есебімен басым түсті. Кейін командалар Ресей кубогында да ойын өткізді. «Балтика» сырт алаңда махачкалалық «Динамоға» 0:3 есебімен есе жіберсе, «Ахмат» өз алаңында «Краснодардан» 0:3 есебімен жеңілді.
«Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының футболшылары – жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек пен шабуылшы Максим Самородов өнер көрсетеді. Самородов осы маусымда бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ал Кенжебек әзірге клуб сапында нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz