Матч орталығы
Трофеи Северной Пальмиры Теннис Александр Бублик Александр Бублик 21:15 Бүгін Адриан Маннарино Адриан Маннарино КХЛ Хоккей СКА СКА 2:4 Үзіліс Барыс Барыс Франция кубогы Футбол Канн Канн 0:0 4 Ле Пюи Ле Пюи НХЛ Хоккей Бостон Бостон 23:00 Бүгін Торонто Торонто Ұлттық лига Хоккей Лангнау Лангнау 23:45 Бүгін Серветт Серветт Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 23:45 Бүгін Берн Берн Франция кубогы Футбол Валуа Валуа 00:00 Ертең Валансьен Валансьен Бундеслига Футбол Вердер Вердер 00:30 Ертең Боруссия Боруссия А сериясы Футбол Венеция Венеция 00:45 Ертең Болонья Болонья Лига 1 Футбол Брест Брест 00:45 Ертең Париж Париж Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 01:00 Ертең Челси Челси Ла Лига Футбол Леванте Леванте 01:00 Ертең Расинг Расинг Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 01:00 Ертең Мидлсбро Мидлсбро Франция кубогы Футбол 2 Ривес 82 2 Ривес 82 17:30 Ертең Версаль Версаль Чемпионшип Футбол Блэкберн Блэкберн 17:30 Ертең Чарльтон Чарльтон Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 17:30 Ертең Вулверхэмптон Вулверхэмптон Франция кубогы Футбол Charleville Charleville 17:30 Ертең Реймс Реймс Ла Лига Футбол Бетис Бетис 18:00 Ертең Райо Вальекано Райо Вальекано А сериясы Футбол Фрозиноне Фрозиноне 19:00 Ертең Парма Парма Франция кубогы Футбол Эпинал Эпинал 19:00 Ертең Амьен Амьен

08.12.2024

Бүгін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ақмолда Сайрамкез сайысқа түседі.

Бүгін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ақмолда Сайрамкез  сайысқа түседі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бахрейннің Манама қаласында жалауын көтерген ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ел құрамасынан алғашқы болып Ақмолда Сайрамкез (67 келі) сайысқа түседі.

Қазірге дейін 22-жастағы атлет көптеген жарыста жеңімпаз атанып үлгерді. 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болса, Азия чемпионатында 2019 жылы жасөспірімдер және 2020 жылы жастар арасында қола жүлдеге қол созды.

Сондай-ақ ол 2021 жылғы жастар аарсындағы әлем чемпионатында және 2024 жылы ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс алды.

Еліміздің ерлер құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұханбетовтің айтуынша, Ақмолда Сайрамкез А тобында сынға түседі. Бұл салмақта барлығы 27 спортшы жүлделерді сарапқа салады. Басты қарсыластары - Қытай, Солтүстік Корея және Түркиядан келген ауыр атлеттер. 

Әлем чемпионатынан тікелей көрсетілімді Qazsport телеарнасынан 21:30-де тамашалауға болады. 

Жарыста ерлер құрамасында Ақмолдадан өзге Александр Уваров (81 келі), Алексей Чуркин (81 келі), Денис Уланов (89 келі), Денис Полубояринов (89 келі), Кириил Староверкин (96 келі, Нұрғиса Әділетұлы (96 келі, Артем Антропов (102 келі), Андас Самарқанов (109 келі) пен Мейрам Сұлтан (109 келі) сайысқа түседі.

Ал әйелдер құрамасында Карина Горичева (64 келі), Арай Нұрлыбекова (71 келі), Аянат Жұмағали (76 келі), Айша Омарова (76 келі) және Любовь Ковальчук (+87 келі) жүлделерді сарапқа салады.


Біздің серіктес: Sport12kz