03.03.2025
Жуков ұлттық құрамаға орала ма?
Жуырда Жуков ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиевпен жеке кездесу өткізді. Әлиевпен болған әңгіме Георгийге жігер беріп, оны барынша ынталандырды. Бапкер ойыншыдан командаға қажет қасиеттерді көріп, Жуковтың ҚПЛ-мен салыстырғанда бәсекелестігі жоғары әрі қарқыны қатты лигада өнер көрсетіп жүргенін ескерген.
Алайда Жуковтың құжаттарына қатысты мәселенің шешілген-шешілмегені әзірге белгісіз. Қазақстан футбол федерациясы бұл тұрғыда Георгийге қолдау көрсетуге дайын екені хабарланған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов