03.03.2025
Шавкат Рахмонов өз салмағындағы чемпиондық айқасқа болжамын жасады
UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазақстандық спортшысы Шавкат Рахмонов өз салмағында лига чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жекке қатысты пікірін бөлісті. Бұл айқаста белбеудің қазіргі иегері, америкалық Белал Мұхаммад пен австралиялық Джек Делла Маддалена кездеседі.
Бұл айқас 10 мамырда Канададағы Монреаль қаласындағы UFC 315 турнирінде өтеді.
— Әрине, чемпион – чемпион, мен бұған дейін де айтқанмын. Белал раундтарды ұтып, ақылды ойын жүргізеді. Ал Джек Делла Маддалена – аш, болашағы зор файтер. Жас, үнемі шабуылдап, нокаутқа түсіргісі келіп тұрады. Оның стилі мен тактикасы сондай. Белал әрдайым сақ ойнайды. Бірақ алға қарай жүреді. Қарсыласын шаршатып, жеңіске жетеді. Екеуі де мықты спортшылар, кім мықты екенін жекпе-жек көрсетеді.
Маддаленаның денсаулығына қатысты мәселелері болды. Ол ұзақ уақыт қалпына келді. Бернспен болған айқастан кейін қолы сынған. Қандай формада болатынын көреміз. Бұл да маңызды фактор, – деді Шавкат Камил Ғаджиевке берген сұхбатында.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов