Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

04.03.2025

Данияр Елеусінов: Астанадағы жекпе-жек өзіме байланысты өтпеді

Данияр Елеусінов: Астанадағы жекпе-жек өзіме байланысты өтпеді

Фото: instagram/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық боксшы жақында жоспарланған жекпе-жегінің өтпеуіне қатысты видеомәлімдеме жасады.

— Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! 28 ақпан күні рингке шығуым керек болатын. Алайда қарсыласым соңғы сәтке дейін белгісіз болды. Бұл жерде All Stars Boxing пен Зия Алиевтің ешқандай кінәсі жоқ. Мен шұғыл түрде АҚШ-қа баруға мәжбүр болдым. Жолға кететін уақыттың өзі 20 күнге созылды. Рингке үйренісу үшін жеткілікті уақыт болмағандықтан, дайындығым ойдағыдай болмады. Сол себепті жекпе-жекке шықпау туралы шешім қабылдадым, — деді Данияр Елеусінов.

Еске салсақ, Данияр 28 ақпан күні Астанада өткен All Stars Boxing 3 жекпе-жек кешінде жұдырықтасуы керек еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан