04.03.2025
Белгілі футболшы барлық мемлекеттік атағынан айырылды
Фото: m.fotostrana.ru
«Қайрат» командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук Украинадағы барлық мемлекеттік атағынан айырылды.
Кезінде Украина құрамасы сапында ойын көрсеткен ол қазір «Зенит» клубында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарады.
Украина спорт және жастар министрлігі мемлекеттік тағынан айырылған спортшылардың тізімін жариялады. Олардың қатарында Анатолий Тимощук, Каха Каладзе, Сергей Карякин және өзге де спортшылар бар. Аталған тізімге барлығы 20 адам енгізілген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан