04.03.2025
Бейбіт Жұқаев Челленджер турнирін жеңіспен бастады
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Челленджер турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.
Францияның Тьонвиль қаласында өтіп жатқан доданың 1/16 финалында Бейбіт Жұқаев (АТР: 213) неміс теннисшісі Макс-Ханс Ребергтен (АТР: 243) басым түсті.
1 сағат 16 минутқа созылған матчта отандасымыз 2:0 (7:6; 6:1) есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 91,250 еуроны құрайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи