Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

04.03.2025

Асу Алмабаев әлемдік рейтингте төмендеп кетті

Асу Алмабаев әлемдік рейтингте төмендеп кетті

Фото: UFC.com

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді. Ол 2 наурызда өткен жекпе-жегінде португалиялық файтер Манель Капеге есе жіберді. Бұл жеңілістен кейін ол өз салмағында тоғызыншы орынға түсіп кетті. 

Қарсыластар АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFCVegas 103 кешінің бас турнирінде шеберлік байқасты. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған еді. Сол сәтте португалиялық файтер Асуға ауыр соққы жұмсады. Оған төтеп бере алмаған қазақстандық спортшы есеңгіреп қалды. Оның жағдайын көрген төрешілер жеңісті қарсыласына берді. 

Асу Алмабаев 1994 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Аралас жекпе-жек жауынгері UFC демеушілігімен аса жеңіл салмақ дәрежесінде ойын көрсетеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан