04.03.2025
Бокс: Әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қандай құрам барады?
9-16 наурыз аралығында Сербияда өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 5 аруымыз дебют жасамақ.
Биылғы жаһандық доданың басты ерекшелігі - тек жүлдегерлер ғана емес, 4-5-орын алған спортшылар да қаржылай сыйақыға ие болады.
48 келі. Назым Қызайбай (2012, 2014, 2016, 2019, 2022, 2023, 2025)
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 31 жастағы Назым Қызайба 3 мәрте әлем чемпионатында (2012 жыл - қола, 2014 және 2016 жыл - алтын) жүлде алып үлгерген. Енді 3 дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы отандық боксшы болуды көздейді.
50 келі. Алуа Балқыбекова (2019, 2022, 2023, 2025)
48 келіде 2022 және 2023 жылдары әлем чемпионатының күміс, қола жүлдесін иеленген. Енді өзге салмақта жүлдеге таласпақ.
52 келі. Анита Адишева
54 келі. Жайна Шекербекова (2012, 2016, 2018, 2022, 2023, 2025)
35 жастағы жерлесіміз 3 мәрте әлем чемпионатыда жүлдегерлер қатарына кірген. Қазіргі сәтте де ел ішінде өз салмағында үздік екенін дәлелдеп келеді.
57 келі. Карина Ибрагимова (2018, 2022, 2023, 2025)
Париж Олимпиадасының қатысушысы 4-мәрте әлем чемпионатына аттанады. Бұған дейін 2018, 2022, 2023 жылдары жеңімпаздар тұғырына шыққан.
60 келі. Виктория Графеева
63 келі. Аида Абикеева (2022, 2023, 2025)
Үшінші рет барғалы жатқан Аидаға үнемі жеребе жолдас болмай жүр. 2022 жылы Париж Олимпиадасының чемпионы, атақты Алжир спортшымы Иман Хелифке (Алжир) есе жіберсе, 2023 жылы болашақ әлем чемпионы Янг Ченгюдан (Қытай) жеңілген.
66 келі. Жасмин Қизатова
70 келі. Наталья Богданова
Париж Олимпиадасына қатысуға 3 мәрте талпынып, сәтсіздікке ұшыраған Наталья бірінші мәрте әлем чемпионатының жүлдесіне талас жүргізбек.
75 келі. Надежда Рябец (2022, 2023, 2025)
Токио Олимпиадасының қатысушысы, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Рябец біршама уақыттан кейін қайта құрамаға оралды.
81 келі. Гулсая Ержан (2022, 2025)
2022 жылы екінші айналымда болашақ әлем чемпионы Габриэль Стонкуттан (Литва) жеңілген.
+81 келі. Елдана Талипова
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов