Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

04.03.2025

Дзюдо: Өзбекстан спортшылары Гранд-Слэм турнирінде жетістіктерін жаңартты

Дзюдо: Өзбекстан спортшылары Гранд-Слэм турнирінде жетістіктерін жаңартты

Ташкентте өткен дзюдодан Гранд-Слэм турнирінде өзбек дзюдошылары 1 алтын, 3 күміс, 8 қола жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12kz

Осылайша Өзбекстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік үштікті түйіндеп, ел тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан құрама сапынан 20 дзюдошы белдесіп, басым көбі алғашқы айналымнан әрі аса алмады. Ел қоржынына жалғыз қола жүлдені 81 келіде Абылайхан Жұбаназар салып, біздің елдің құрамасы жалпы есепте небәрі 10-орынға табан тіреді.

Айтулы додада жапония елінің спортшылары 5 алтын, 4 күміс, 2 қола медальмен көш бастаса, жүлделі екінші орынды Қытай дзюдошылары иеленді. Олардың қоржынында 2 алтын және 2 қола медаль бар.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан