Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

07.03.2025

Черногориядағы турнирде қазақстандық тоғыз боксшы қыз финал жолдамасына таласады 

Черногориядағы турнирде қазақстандық тоғыз боксшы қыз финал жолдамасына таласады 

Фото: olympic.kz

Бүгін Черногорияның Будва қаласында бокстан қыздар арасында халықаралық «Адрия інжуі» турнирінің жартылай финалы өтеді.

Мамандар арасында аталған турнир жастар әлем кубогы мәртебесін иеленген. Оған дүниежүзінің көптеген елінен былғары қолғап шеберлері келеді. 

Жартылай финалда еліміздің атынан тоғыз боксшы сынға түседі. Олардың қатарында Рахмина Абдумежитова (52 келі), Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Регина Тибенова (57 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Алина Құдайгенова (63 келі), Айсұлу Мұхит (66 келі), Ақбота Есімбекова (66 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) бар.

Аға бапкер Жангелді Ахметов 3-9 наурыз аралығында өтіп жатқан бәсекеге 11 салмақта 14 боксшыға сенім артқан еді.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан