07.03.2025
Шорт-тректен әлем чемпионатына кімдер қатысады?
Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Петр Гамидов алдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімін атады.
Маманның айтуынша, Қытай астанасы Бейжіңде өтетін әлемдік додаға құрама он спортшы апарады. Жүлде үшін Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжғалиева таласады.
Қазіргі уақытта ұлттық құрама Астанада әлем чемпионатына соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Команда 8 наурызда Бейжіңге аттанады.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 14-16 наурыз аралығында өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи