07.03.2025
Олимпиада чемпионы Хифуми Абэ жарысқа қашан оралатыны анықталды
Екі дүркін Олимпиада чемпионы, дзюдодағы феномен Хифуми Абэ Жапонияның All Stars Japan турнирінде, одан кейін абсолютты салмақта Жапонияның чемпионатында бақ сынайтынын хабарлады.
Фукуокадағы All Stars турниріне әр салмақ дәрежесінде үздік 8 жапондық дзюдошы күш сынасады. Жарыс 5-6 сәуірде өтеді.
All Stars Japan турнирі Хифуми Абэнің Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов