07.03.2025
Мейсон Гринвуд Ямайка құрамасында ойнауды таңдады
Фото: Daily mail
Франциялық «Марсель» клубының вингері Мейсон Гринвуд ұлттық құрамасын өзгерту туралы шешім қабылдады.
Англия футбол қауымдастығының атқарушы директоры Марк Буллингемнің мәлімдеуінше, ойыншы Ямайка азаматтығын алуға ресми сұраныс жасаған.
Гринвуд Англия құрамасының жейдесінде тек бір матчта ғана, 2020 жылдың қыркүйек айында алаңға шыққан.
Биылғы маусымда 23 жасар ойыншы Францияның бірінші лигасында 24 ойынға қатысып, 15 голдың авторы атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи