07.03.2025
Тимур Кападзе: «Ақтөбенің» ұсынысынан бас тарттым
Фото: Upl.uz
Футболдан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе «Ақтөбе» клубынан түскен ұсынысқа байланысты пікірін білдірді.
- Бұл шын, маған көптеген клубтан ұсыныс болды. Олардың қатарында «Ақтөбе» клубының да өкілдері маған хабарласты. Мен Қазақстанда аталған клубта ойын көрсеттім. Сондықтан олар маған сенім артты. Бұл уақытта мен олимпиадалық құраманың тізгінін ұстаған едім. Сол себепті аталған ұсыныстан бас тарттым, - деді ол.
43 жастағы өзбекстандық маман 2012-2014 жылдарда ақтөбелік клубта ойын көрсетті. Сондай-ақ ол Өзбекстан, Оңтүстік Корея және БАӘ клубтарының намысын қорғады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан