Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

07.03.2025

«Қайрат» 18 жастағы шабуылшымен келісімшартты ұзартты

«Қайрат» 18 жастағы шабуылшымен келісімшартты ұзартты

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Алматылық клубтың 18 жастағы шабуылшы Рамазан Бағдатпен жасалған жаңа келісім 2027 жылдың соңына дейін жарамды.

Рамазан Саятұлы Бағдат 2006 жылы 9 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2023 жылы бірінші лигада «Қайрат-жастар» клубында тұсаукесер ойынын өткізді. Сол жылы аталған команда құрамында 16 ойында 11 мәрте қақпаны дәл көздеді.

Премьер-лигадағы алғашқы ойынын 2025 жылдың 2 наурызында елордалық «Астана» сапына қарсы өткізді. Ол 90-минутта әріптесі Офри Арадты алмастырды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан