Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

07.03.2025

Футзалдан Қазақстан құрамасы Албанияны тізе бүктірді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Албанияны тізе бүктірді

Фото: ҚФФ

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі бесінші ойынын Албанияға қарсы өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық ойыншылар жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде Дамир Қайырбай 7-минутта есеп ашса, одан кейін Лео Жарагуа 8, 17-минутта екі мәрте мергендік танытты.

Екінші кезеңнің бастапқы уақытында албаниялық ойыншылар белсенділігі байқалды. Ойынның 24-минутында олар есеп айырмасын қысқартты. 

Ал 26-минутта қазақстандық құраманың капитаны Шыңғыс Есенамановтың алыстан тепкен добы қақпа торында тулап жатты.

Ойынның 38-минутында албаниялық футзалшылар тағы бір мәрте гол соқты.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан